ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ

БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ

"АБАЙ КӨПСАЛАЛЫ

КОЛЛЕДЖІ" КМҚК

A- A A+
 

КГКП «Aбайский многопрофильный колледж» управления образования Карагандинской области

КГКП "АБАЙСКИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ"

УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ КАРАГАНДИНСКОЙ ОБЛАСТИ

ТАРИХ

КОЛЛЕДЖ ТАРИХЫ


Оқу орнының толық атауы: Қарағанды облысы білім басқармасының «Абай көпсалалы колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

Бүгінгі таңда колледж техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі оқу орнының заманауи моделі болып табылады, онда білім сапасына ерекше назар аударылады. Колледждің барлық кәсіби білім беру бағдарламалары бойынша дайындықты қамтамасыз ететін білікті кадрлары бар, бұл еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, жеткілікті білім, дағды деңгейімен орта буын мамандарын даярлауға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта колледж түлектері ҚР барлық аймақтарында, жақын және алыс шетелдерде қызмет атқаруда.

2020-2025 ЖЖҒДМБ іске асыруға қатыса отырып, колледж ұжымы өз қызметінде мынадай бағыттарды атап көрсетеді:

- білім алушы жастарға сапалы кәсіби білім алу үшін қолайлы жағдай жасау;

- бірінші кезекте ауыл жастары мен халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балалар үшін кәсіптік білімнің қолжетімділігі;

- кәсіптік даярлықтың ұтқырлығы: колледж еңбек нарығында жеткілікті сұранысқа ие емес біліктіліктер бойынша даярлықты тоқтатады және өңірде кадр тапшылығы сезілетін мамандықтарды ашады. Сондай-ақ колледж жанында ересек тұрғындар қысқа мерзімді даярлықтан, қайта даярлаудан, жұмысшы мамандықтары бойынша біліктілігін арттырудан өте алатын оқу орталығы бар.

- дуальды оқытуды енгізу: 2015 жылдан бастап колледж «Ауыл шаруашылығын механикаландыру», «Ветеринария», «Агрономия» мамандықтарында дуальды оқыту жүйесі бойынша жобаны енгізуде. Алдағы уақытта бірқатар жұмысшы біліктіліктер бойынша оқыту дуальды нысанға көшіріледі.

- колледж түлектерінің бәсекеге қабілеттілігін және дайындық сапасын арттыру: жыл сайын колледж студенттері WorldSkills аймақтық кәсіби шеберлік конкурсына қатысады. 2019 жылы жұмыспен қамту 78% құрады, ал нәтижелі жұмыспен қамту 98% құрады. Колледж «Жас маман», «Инклюзивті білім беру», «Көптілділік» және т.б. жобаларға қатысады.

- соңғы жылдары колледжде инновациялық орталықтар құрылды: Бизнес мектеп, Құзыреттілік орталығы, Инновациялар мектебі және т.б.